Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасы отызға таяған Луина өз тойына дайындалып жүр

Танымал әнші Луина тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген сыңайлы. Жуырда әлеуметтік желіге той көйлегін киіп түскен суретін салды. Аталған суреттен бойжеткеннің қалыңдықтарға арналған салонда жүргенін байқауға болады.

13767641_1471274862898446_1470310655_n

Фото: instagram.com/luinaofficial/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше 29 жасқа толған Луина туған күнін дүркіретіп атап өткен болатын. Аталған кеште журналистерге берген сұхбатында әнші тұрмысқа шыққысы келіп жүргенін, сәбилі болуды армандап жүргенін айтқан болатын. Алайда бес жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқан сүйіктісі ұсыныс жасамаған-ды.

Енді міне әншінің көптен күткен тілегі орындалып, тойға дайындалып жатқан сыңайлы.Той көйлегін киіп суретке түсіп, оны инстаграм желісіндегі парақшасына жүктеді. Десе де, бұл суретті қандай мақсатпен салғаны, сүйіктісінің ұсыныс жасап, жасамағаны әзірге белгісіз.

Желі қолданушылары суретке қарап әнші өз тойына дайындалып жүр деп болжады. Мұнымен қатар, макияжының сәтті шыққанын айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары су киімімен көлік жүргізген Луинаны сынап тастады (фото)

Луина әріптесі Раноның ұлына кіндік шеше болды (фото)

Луина қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскені үшін сынның астында қалды (фото)

Жасы отызға таяған Луина тұрмысқа шығуға асығып жүргенін айтты

Талқылау