Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жастығына қарамастан бірнеше баланың анасы атанған қазақстандық арулар (фото)

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орында болғанымен, халық санының көптігімен әзірге мақтана алмайды. Бұл орайда демографияға үлесін қосып жүрген ата-аналардың еңбегі зор. Бүгін Stan.kz тілшісі жас әрі сұлу аналарды түгендеп көрді.

5d08af32-62e1-4771-9a93-5ea86ab36fc2

Дүниеге бірнеше сәби әкеліп, сыртқы келбетіне қарамай кететін келіншектер жетерлік. Сондай-ақ, керісінше «әдемі болмай қаламын» немесе «дене бітімім өзгеріп кетеді» деген қорқыныштан 1-2 сәбиден әрі аспайтын аналар да бар. Алайда біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз екеуіне де жатпайды. Бәлкім бірнеше баланың анасы атанып, өздерін күтуді де ұмытпаған аналарды көргенде өзге қыз-келіншектер ойланатын шығар деген ойдамыз.

Айдана Ералханова тамыз айы бойынша Қазақстандағы ең әдемі ана атанды. Айдананы оқырмандар Missis.kz сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдаған.

9e52fc38fccbbf42fad5f689cded3d9e

25 жастағы тараздық келіншектің 3 перзенті бар. Екі ұл, бір қыздың анасы бос уақытында балық аулап, тігін тігеді. Сондай-ақ, бокспен айналысатын Айдана нағыз аспаз. Оның қолынан шыққан ұлттық тағамдардың дәмі тіл үйіреді.

9a59492fd5c1228dcb5954aee540c9dc

Үлгілі жар, аяулы ана Айдана Майкл Джексонның жанкүйері екен. Енді ол Missis.kz 2016 байқауының финалында өзге қатысушылармен бақ сынасады.

9e0bfe029005556eefa107076b188254

Келесі кейіпкеріміз нағыз оңтүстіктің келіні, шымкенттік – Жадыра Убайдуллақызы. 28 жастағы әйелдің төрт бірдей ұлы бар.

WhatsApp Image 2016-09-06 at 14.21.52

Үйдің тұңғышы Нұркелді мектеп оқушысы. Нұркелдіден кейін Ахметжан, Рауан, Әлинұр есімді батырларды дүниеге әкелген ана тұрмыс құрмай тұрғанда халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеген.

2cd274d8-c4c7-4734-b8f3-357246909ed6

Жадыра бос уақытында балаларымен бірге жүзу бассейніне барғанды ұнатады. Жас бүлдіршіндер де спортқа құмар көрінеді.

523df3ad-5da0-450d-925c-94a2d4f89b59

«Біреуі жүзуден, екіншісі дзюдодан, үшіншісі бокстан әлем чемпионы болса, ал біреуі ғылым мен білім жағынан танылса деп үміттенемін», – дейді Жадыра. Мүмкін дәл осы балапандардан болашақта Дмитрий Баландин сияқты олимпиада чемпионы шығатын шығар, кім білсін?!

e86f333b-0baf-4e13-8d78-c352ff4aeb7c

Жас болса да үш бірдей ұлы бар аяулы аналардың бірі – тараздық Гаухар Асқарбекова. Үш баланың анасы киелі Жамбыл жерінде тұрады. Бекзат есімді жігітпен тұрмыс құрған келіншек «заңгер» мамандығы бойынша білім алып, Тараз қалалық сотында қызмет атқарған.

64c1c86e-a93a-4d88-8616-89a99950b203

Дамир, Жандос және Әлихан есімді үш батырды дүниеге әкелген Гаухар көпбалалы ана болуды армандайды.

b7157340-2c4e-4931-8755-b2ecd3eef470

Үйдің тұңғышы Дамир – 3 сынып оқушысы. Небәрі 8 жаста болса да, Дамир ағылшын тілін еркін меңгергісі келеді. Таэквондомен де айналысады. Облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрген жайы бар.

699f7b67-147d-4fbb-b718-a848c4b66aff

«Балаларымның болашағы үшін аянып қалмаймын», – дейтін тараздық ару жуырда киім сататын дүкенін ашқан. Заңгер, кәсіпкер, аяулы ана, адал жар, бес саусағынан өнері тамған шебер аспаз Гаухардың бойынан нағыз қазақ келініне тән қасиеттерді табуға болады.

fbe829e0-767f-420b-bd6b-a8782e2cfde0

Елімізде алтынқұрсақты аналар көп. Олардың бәрін бір материалға сыйғызу мүмкін емес! Ал біздің бар ойымыз – жастай бірнеше баланың анасы атанған аруларымызды өзгелерге үлгі ету!

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттен жер бөлінсе көпбалалы анаға үй салып беруге дайын

Халық: Чемпионға – $250 000, ал көпбалалы ананы алқамен алдаймыз

Майғазиев көпбалалы отбасыға бір айлық азық-түлік апарды (фото)

Павлодар облысында көпбалалы ананың үйі түгелдей өртеніп кетті

Талқылау