Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жастар ақша үшін не нәрсеге дайын – әлеуметтік эксперимент (видео)

Атышулы WSC pranks жобасының авторлары Қазақстанда осыған дейін ресейлік пранкерлер жасаған әлеуметтік экспериментті қайталап, ролик түсірді. YouTube видеолар желісіне жақында ғана салынған ролик 100 мыңнан астам көрілім жинап үлгерді.

80424673-C7C9-4F21-8FDB-4BCD7DA94A61_mw1024_s_n

Сурет: rus.azattyq.org

Эксперимент барысында жұмыс беруші бастықтың көмекшісін тағайындауы тиіс. Шақырылған студенттерге жалақысы жоғары жұмыс ұсынылады. Бірақ арасында бастықпен жыныстық қатынасқа түсуі керектігі айтылады.

Ролик авторларының айтуынша, экспериментке қатысқан 25 адамның 60%-ы әлгі ұсынысқа келіскен. “Әлеуметтік эксперимент аяқталған соң бізге бастапқыда ұсыныстан бас тартқан студенттер хабарласты. Бұдан кейін шешімді өздеріңіз қабылдай беріңіздер”, – дейді авторлар.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде ақсақалдың батасын алудан қашатын жастардың көбейгені туралы хабарлаған болатынбыз.

(Жоғарыдағы суреттің тақырыпқа тікелей қатысы жоқ)

Талқылау