Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдерді өлтірумен айналысқан қылмыскер әйел бастауыш мектепке жұмысқа тұрды

Жасөспірім қыздарды зорлағаны және өлтіргені үшін 12 жыл түрмеде отырып шыққан канадалық Карла Хомолка өзінің балалары оқитын христиан мектебіне ерікті ретінде жұмысқа тұрды.

Безымянный

Қылмыскердің таныстарының айтуынша мектеп кеңесі Карланың өмірбаянынан хабардар екен.

Карла Хомолка – қазіргі кездегі ең атақты қылмыскерлердің бірі. Ол күйеуі екеуі бірге екі жасөспірім қызды зорлап өлтірген. Ол сондай-ақ, өзінің туған сіңлісін де зорлаған.

2005 жылы түрмеден шыққаннан кейін ол күйеуге тиіп, аты-жөнін өзгертіп алады. Ол үш бала туып, сол балалары оқитын мектепке жұмысқа орналасқан. Ол мұғалімдерге оқушыларды сапар кезінде қадағалау бойынша көмектеседі екен.

Ал әйгілі қылмыскердің мектепке келгенін естіген ата-аналар шошыған. Олар Карланың мектепке келмеуін, балалармен араласпауын талап етіп отыр. Алайда мектеп басшылығы ол балалармен ешқашан бетпе-бет қалмайды деп ата-аналарды сабырға шақырыпты.

“Егер сіздің балаңыз бірнеше рет адам өлтірген адаммен араласып жүрсе қандай күйде болар едіңіз? Бұл дұрыс емес”, – дейді оқушылардың бірінің анасы.

Оқи отырыңыз:

Нью-Йорктегі қазақ полицей есірткі баронын құрықтағаны үшін марапатталды

Мексикада Трамптың суреті басылған дәретхана қағазы шығарыла бастады

Ұшақ жолаушысы сапар кезінде өзінің туған ұлына жыныстық қысым көрсетпекші болды деп айыпталды

Көркімен таңдай қақтырған моңғол қызы әлем бойынша супермодель атанды (фото)

Талқылау