Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірімдер Қайраттың “Байқа” әнін тұпнұсқасынан асыра орындады (видео)

Белгісіз жігіттер Қайрат Нұртастың “Байқа” әнінің кавер нұсқасын домбыра мен гитарада орындады.

npb013e3qz2w

Фото: kazakhstanzaman.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қайрат Нұртас ағымдағы жылдың мамыр айында “Байқа” атты әніне түсірілген бейнебаянның тұсауын кескен болатын. Аз уақыт ішінде аталған туынды тыңдарман көңілінен шығып, жасөспірімдер арасында кеңінен таралған. Олар тіпті әннің кавер нұсқасын аспапта орындап, оны әншіге жолдаған.

“Байқа әні көп адамға ұнайды. Сол себепті осы әнге бейнебаян түсіруді жөн көрдік. Барлығы классикалық киімде болады. Бетперде тағып, адамдар бір-бірін таппай жүреді. Байқаның сөздерін өздеріңіз де жақсы білесіздер.

Байқа, алдап жүрмесін сені. Ниеті мен жүрегі таза жігіттерге қара. Алданып қалма деп қазақ қыздарына айтатын ағалық ақылым бар”, – дейді Қайрат Нұртас сұхбаттарының бірінде.

#KN Өнерлерің өрге домалай берсін✊👍 #ҚайратНұртас #Байқа #cover #instrumental

Видео опубликовано Кайрат Нуртас (@kair_n)

Желі қолданушылары әннің кавер нұсқасының тұпнұсқадан да асып түскенін айтып жатыр. Десе де, мұндай пікір әншінің көңіліне тимеген сыңайлы. Ол керісінше аталған видеоны әлеуметтік парақшасына жүктеп, жігіттерге шығармашылық табыс тілеген. “Өнерлерің өрге домалай берсін, жігіттер”, – дейді Қайрат Нұртас.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас: Мейрамбектей ағалардың қадірін кеш түсінуден сақтасын

Беспаев пен Болманов күтпеген жерден Анталияда кездесті (фото)

Қайрат Нұртастың гироскутердегі биі қыздарға ұнап қалды (видео)

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Талқылау