Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім «Бригада» фильмін көргеннен кейін 6 жасар қызды зорлап тастаған

Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім  «Бригада» фильмін көргеннен кейін, өзініңжиеніне кішкентай жиенін зорлап тастаған.

балақай

Бұл туралы “Эврика” басылымы жазды.

Сот үкімі бойынша   Мейірбек Раушанқосов 7 наурыз күні өзінің әпкесінің үйіне қонаққа барған. Ертеңгісін әпкесі жұмысқа кетіп, колледж студенті сол үйдегі  төрт балаға қарап қалған. Түстен кейін Мейірбек ноутбуктен «Бригада» сериялын көреді. Басты рөлді сомдаған актердің әйелмен жыныстық қатынасқа түскен сәті, жігітті арандатады.

Осы кезде Мейірбек балалар ұйықтап жатқан бөлмеден 6 жастағы ұйықтап жатқан Әминаны басқа бөлмеге көтеріп алып келеді. Жігіт ұйықтап жатқан қыз баланы бетімен төсекке жатқызып, шешіндіріп ойына келгенін істеген.

Қылмыскер кәмелет жасқа толмағандықтан сот оған заң бойынша ең ауыр жаза ретінде 10 жылға бас бостандығынан айыра алады. Сот студентті 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті.

Қыздың ата-анасы алғашында туысының қызына осындай әрекет жасады дегенге сенбеген.Олар жұмыстан келген кезде қыздарының қатты жылағанын айтады. Шошып кеткен ата-ана дәрігер шақыртады. Хирург қызды қарап, болған жайтты түсінгеннен кейін полицияға өзі хабарласқан. Мейірбектің өзі  курстастарына ештеңе айтпастан, 4 күн бойы қашып жүрген. Сотталушы істі қарау кезінде өз кінәсін мойындамаған.

 

 

Талқылау