Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім сабақ үстінде мектептегілерге пышақпен шабуылдап, сыныпты өртеп жіберген (видео)

Башқұртстанда мектеп оқушысы сабақ үстінде сыныптасы мен ұстазын пышақпен жарақаттап, артынша өзімен әкелген жанармайды сыныпқа шашып, өртеп жіберді. Мектепте шабуыл жасаған жасөспірім содан кейін өзіне қол жұмсамақшы болған.

Жасөсіпірім сабақ үстінде мектептегілерге пышақпен шабуылдап, сыныпты өртеп жіберген

Алғашқы мәліметтер бойынша сыныпта қанды қырғын ұйымдастырған башқұрт оқушысы информатика сабағына кірмей, дәлізде отырған. Бірақ мұғалім оны отырған жерінен сынып бөлмесіне ертіп келген. Бұл туралы ufa1.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Сол уақытта өрт дабылы жұмыс істеп, сыныпта болған бір оқушысы қорқып, екінші қабаттан секіріп кетті. Абырой болғанда өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Жасөспірім мен жәбірленуші ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады РИА-ның облыстық тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Деректері бойынша, шабуыл психикалық дамуы артта қалған балалар оқитын сыныпта болған.

Шабуылдан «Жыл мұғалімі-2017 » конкурсының жеңімпазы атанған 29 жастағы информатика пәнінің мұғалімі Екатерина Першина зардап шеккен.

«Мәлімет бойынша зардап шеккен төрт адам, оның ішінде үш бала Стерлитамак қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығының жағдайы орташа деп бағаланады. Жарақаттардың сипаты анықталуда», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Куәгерлер эвакуациялау барысында оқиғаны дайындық жаттығуы деп ойлап қалған. Қазіргі уақытта мектеп ғимаратындағы өрт жойылды. Балаларға ғимаратқа кіріп, заттарын алуға рұқсат берілді. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. 19 сәуірде сабақтар тұрақты түрде өткізілетін болады.

Тағы да оқыңыз:

Амстердамда өзіне қол жұмсайтындарға арналған үйшік жасалды

Қылмыскерлер кек алу үшін көпбалалы ананы балаларының көзінше атып тастады (видео)

Полицейлер есірткі саудалаушыларды WhatsApp-тағы суреттен саусақ іздерін анықтау арқылы ұстады

Ауырсынуды басатын дәрілердің зиянды екені анықталды

Талқылау