Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қыз-келіншектер несиесін өтеу үшін аналық жасушасын ақшаға тапсыруда

Қазақстандағы жасанды ұрықтандырудың авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова экстракорпоралды ұрықтандырудан туатын балалардың денсаулығына туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген адам бала көтере алады. Енді, былай қарасаң, жасанды ұрықтандыруды жасайтын еркек пен әйел дені сау адамнан туған жоқ па? Негізі, жасанды ұрықтандыруды бір рет жасаса, нәтиже болмауы да мүмкін. Барлығы адамның денсаулығына байланысты. Біреудің мүмкіндігі 100 пайыз болады. Енді біреулерде 10-ақ пайыз. Орташа есеппен жасанды ұрықтандырудың 30-40 пайызы сәтті шығады», – деді С.Байқошқарова журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, жасанды ұрықтандыруда баланың жынысын бірден анықтауға болады. «Ол үшін генетикалық диагностика жасалады. Сол кезде эмбрионның ұл, не қыз екенін білуге болады. Бірақ генетик деген өте күрделі мамандық. Дүниежүзінде ең дамыған мемлекеттердің өздері генетикалық сараптамаға жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Өткенде Израильдің бір профессоры Лина Базер келді. Ол Тель-Авивтің үлкен генетикалық орталығында істейді. Сол айтады, біз қаншама зерттеп, керемет болып жатсақ та, барлық сұрақтарға жауап бере алмаймыз. Өйткені ғылым үшін беймәлім жағдайлар көп», – деп атап көрсетті С.Байқошқарова.

Астанада өткен конференция аясында Байқошқарова жасанды ұрықтандыруды барынша арзандатуға болатынын жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде қыз-келіншектер несиесін өтеу үшін аналық жасушасын тапсыруда. Ал 100 ер адамның тек 2-3-еуінің ғана ұрығы жарамды.

Тағы да оқыңыз:

Шетелдіктер Лондондағы Қазақстан елшілігінің алдында «Борат» киімімен қазақты мазақ етті

Қарағанды облысының тұрғыны анасы мен әжесін өлтіріп, денесін өртеп жіберді

Синоптиктер: Алдағы күндері 35°C аяз болады

Талқылау