Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жұбайлардың жанжалы түсірілген видеолардың жұмбағы шешілді

Қазнетте күйеуі жігіт пен қалыңдықтың жанжалдасқаны түсірілген видеолар тарап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_35741

Әр ролик түрлі қалада түсірілген, онда айтылған сөздер бірдей. Видеоларда жас жұбайлар жұрттың көзінше жанжалдасады. Барлық видеода жастар кредит жайлы айтады. Сөйтсек, бұл акцияны “Үйлену тойы индустриясы орталығының” өкілдері ұйымдастырған болып шықты.

Жоба жетекшісі Жан Мұқановтың айтуынша, олар жобаны ашқаннан кейін осылайша жарнамалағысы келген. “Біз өз филиалдарымызды ашқан алты қалада бүгін осындай акция ұйымдастырдық. Барлық актер өз ісінің мамандары. Осылайша біз өзімізге назар аударғымы келді. Осындай дүрлігу болады деп ойламадық. Филиалдарымзды Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы және Шымкентте аштық”, – деді Жан.

Талқылау