Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жұбайлар үйленіп, үш минуттан кейін ажырасып кетті

Кувейтте жас жұбайлар некесін қиып, үш минуттан кейін ажырасып кетті.

Жас жұбайлар үйленіп, үш минуттан кейін ажырасып кетті

Сурет: pixabay.com

Анықталғандай, оған қалыңдықтың күйеу жігітінен көңілі қалғаны себеп болыпты, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Қалыңдық некелері қиылғаннан кейін баспалдақпен түсіп келе жатқан. Алайда осы кезде сүрініп кетіп, құлап қалады. Мұны көрген күйеу жігіті сүйіктісін «ақымақ» деп атап, ішек-сілесі қата күлген. Сол кезде оның шынайы келбетін көрдім, дейді бойжеткен.

Басылым мәліметінше, сот төрағасы олардың ажырасуын рәсімдеп, қайта табысу туралы ұсынбаған. Нәтижесінде бұл мемлекет тарихындағы ең қысқа мерзімді неке болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау