Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жігіт түрін өлі адамның бас сүйегіне ұқсату үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады

Колумбия тұрғыны түрін өлі адамның бас сүйегіне ұқсату үшін құдағы мен мұрнын кесіп тастаған. 2 жыл ішінде ол бетін өзгерту үшін көптеген ота жасатыпты. Ендігі Эрик Йайнер Хинкапье Рамирес өзінің сырт келбетіне тәнті болып отыр.

Жас жігіт түрін өлі адамның бас сүйегіне ұқсату үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алайда ол мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазіргі уақытта жас жігіт құлағы мен мұрнының төменгі бөлігін кесіп тастап қана қоймай, тілін екіге бөліп, денесін татуировкамен толтырған. Тіпті, басына да татуировка жасатқан.

Жас жігіт түрін өлі адамның бас сүйегіне ұқсату үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады

Эрик алғашқы татуировкасын анасы қайтыс болғаннан кейін жасаған. 22 жастағы жігіт кішкентай кезінен бері бас сүйекті ұнатқанын айтты. Алайда ең ең сүйікті адамын шошытқысы келмепті. Сондықтан анасы қайтыс болған бойда, Эрик денесін түбегейлі өзгертуді ұйғарған.

Жас жігіт түрін өлі адамның бас сүйегіне ұқсату үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады

«Денені өзгерту – әркімнің жеке таңдауы. Сондықтан оны өзгелердің бағалап, сынап-мінеуі дұрыс емес. Бұл әйелді кеудесін немесе бөксесін үлкейткені үшін соттағанмен тең. Мен үшін бас сүйек – менің әпкем, отбасым сияқты. Оған бауыр басып қалдым», – дейді Эрик Йайнер Хинкапье Рамирес.

Жас жігіт түрін өлі адамның бас сүйегіне ұқсату үшін құлағы мен мұрнын кесіп тастады

Рамирестің сырт келбеті жолында кезіккен адамдарды шошытарлықтай қорқынышты болса да, жас жігіт өзінің өзгелер сияқты дені сау, кәдімгі адам екенін айтуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау