Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жігіт түнде сүйіктісіне ұсыныс жасап, оянған соң ұмытып қалған

Жас жігіт ұйықтап жатқан кезінде сүйген қызына ұсыныс жасап, бұл туралы ертесі күні ғана білген.

Жас жігіт түнде сүйіктісіне ұсыныс жасап, оянған соң ұмытып қалған

Сурет: Eric Lalmand / Globallookpress.com

Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жігіттің айтуынша, сол түні ол ұйықтай алмай, ұйықтататын дәрінің 4 таблеткасын ішіп алған. Таңертең ол сүйіктісінің саусағынан арзан сақинаны көріпті. Ол сақинаны бұған дейін хабарландыру бойынша арзанға сатып алып, қайта сатып жібермек болған екен. Артынша сүйіктісі оған не болғанын айтып беріпті.

Алайда сол түні не болғаны жігіттің есінде жоқ. Ол ұсыныс жасағаны туралы біліп, қайран қалыпты. Тіпті, ол ұйқыдағы кезінде Facebook желісіндегі парақшасында отбасылық жағдайы туралы мәліметті өзгерткен.

«Менде алдағы бір жарым жыл ішінде үйлену туралы ой болған жоқ. Мұндай ойым болса, жақсырақ сақина алар едім. Алайда ұйықтататын дәрі бәрін 10 есе жылдамдатып жіберді», – дейді ол.

Басылым мәліметінше, ұйықтап жатқан адамдардың ұйықтататын дәрінің әсерінен күнделікті шаруалармен айналысып, көлік жүргізген оқиғалары белгілі. Ал таңертең олар ұйқыдағы әрекетін ұмытып қалады екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау