БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас жігіт әріптесіне ұнау үшін донор болып, науқас баланың өмірін сақтап қалды

Билли Хиггинс есімді 29 жастағы жігіт әріптесі Кейт Уиллистің көзіне түсу үшін жілік майы болатындардың донорлық тізіліміне тіркелді. Ал оның бұл шешімі бірден үш адамның өмірін түбегейлі өзгертті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жас жігіт әріптесіне ұнау үшін донор болып, науқас баланың өмірін сақтап қалды

Билли Хиггинс әріптесі Кейт Уиллиске ұнау үшін ғана сүйек кемігіне донор болуға шешім қабылдағанын мойындады. Бойжеткен еріктілер тобында болғандықтан, жігіт онымен жақынырақ танысудың керемет мүмкіндігін жоғалтып алғысы келмеген. Дегенмен, оның жылымшы жоспары сәтті шықты. Бойжеткен шынымен де оны ұнатып, біраз уақыттан кейін әріптестер кездесе бастап, ақырында шаңырақ көтерді.

«Біз бұрын да сөйлесетінбіз, бірақ мен онымен жақсы танысудың мүмкіндігін көрдім. Сондықтан, донор болуға келісім беруім мені жақсы жағынан көрсетеді деп ойладым»,- дейді Билли Хиггинс.

Ал бірнеше жылдан кейін Биллиді тізімге енгізгендер оған қоңырау шалып және науқастардың біреуіне сүйек кемігі қажет екенін хабарлады. Жас жігіт өзінің жұлын майының кімге берілетінін білместен, бірден жасушыларды беруге келісім берді. Оның жұлын майы сирек кездесетін миелодиспластикалық синдромнан зардап шегетін сегіз жасар Руперт Кроссқа қажет болды. Баланың денесі жеткілікті қан жасушаларын шығармады. Бұл аурудың өзі қауіпті, бірақ ең жаманы – уақыт өте келе ол аққан ауруына әкелуі мүмкін.

Жас жігіт әріптесіне ұнау үшін донор болып, науқас баланың өмірін сақтап қалды

Сондықтан Руперт үшін дерттен сауығудың жалғыз мүмкіндігі – сүйек кемігін трансплантациялау болды. Өкінішке орай, баланың туыстарының ешқайсысы донор ретінде жарамды болмады. Ал Билли мұны ести сала бірден ауруханаға келіп, донор болуға келісім береді. Содан кейін дәрілерген трансплантацияға дайындала бастады. Сөйтіп, балаға күрделі ота жасалып, науқас үш ай бойы бәрінен оқшаулануға мәжбүр болды. Бірақ, трансплантациядан кейін ол толығымен сауығып, мектепке қайта бара бастады.

Ал бүгінде екі жылдан кейін донор мен жілік майы салынған бала ақырында кездесіп, Руперт өмірін сақтап қалған адамдмен көзбе-көз кездесе алды. Ал баланың анасы тек Биллиге емес, оның сүйікті әйеліне де алғысын білдіруде.

Жас жігіт әріптесіне ұнау үшін донор болып, науқас баланың өмірін сақтап қалды

«Олар өте керемет жұп және бұл оқиға да сондай әсерлі, сиқырлы. Ол тек ұнататын қызы болғандықтан ғана донор болуға тіркелді… Егер Кейт болмаса, ештеңе болмас еді. Бұл сондай таңданарлық оқиға…»,- дейді Руперттің анасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр