Жас жігіт үйсіз адамның бетіне тамақ лақтырып, жұрттың қаһарына ұшырады

29 жастағы Адам Торп есімді жігіт Дербиден келген панасыз ер адамның бетіне кебаб пен картоп лақтырып, жұрттың қаһарына ұшырады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жас жігіт үйсіз адамға тамақ ұсынып, артынан бетіне лақтырып мазақ қылды

29 жастағы жігіт үйсіз адамды мазақ қылып тұрғанда достары оның әрекетін видеоға түсірген. Кейін ол видео ғаламторға тарап, қоғам арасында үлкен дау тудырды. Тіпті, кейбір оқырмандар панасызды қорлаған жігітке қоқан-лоққы көрсетіп, үрейін ұшырды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Адам Торпенің үйсіз адамға тамақ ұсынып, артынан тамақты әлгі ер адамның бетіне лақтырып жібергенін көруге болады. Әрине, жас жігіт бұл бассыздықты жасарда жалғыз болмаған, оның жанында Адамның әрекетін қолдап, күліп, видеоға түсіріп тұрған достары болды. Кейін ол видео Facebook желісінде жарияланып, мыңдаған репорст жинады. Желіде оқырмандандар панасыз ер адамды мазақ қылған жігітке шағымдарын білдіріп, тіпті оған қауіп төндірді.

Енді Адам Торп өз әрекетіне қатты өкініш білдіруде. Оның айтуынша, мұндай әрекет оған мүлде тән емес. Ол қатты мас болғандықтан не істеп жатқанын білмеген. Оның үстіне, жігіт алдынан тамақ сұрап шыққан ер адамның шынымен де үйсіз қаңғыбас екеніне сенбеген.

«Әрине, мен періште емеспін. Бірақ мен тамақты үйсіздерге лақтыру үшін сатып алатын адам емеспін»,- дейді Адам Торп.

Жігіт сондай-ақ, қатыгез әзілдің құрбаны болған азаматтың алдына жеке өзі барып кешірім сұрауға және оған қалағанын сатып алып беруге дайын екенін жеткізді. Адам шынымен де өзіне қарсы шағымдар мен қорқытып-үркітулерді тоқтату үшін бәріне дайын екен.

«Менің істеген әрекетім дұрыс болмады, оны білемін. Бірақ, мен желіде мен туралы жазылған қорқытуларға лайық емесмін»,- дейді жігіт.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар