Жас қыз сақтандыру төлемі үшін қолын әдейі кесіп тастаған

Словения тұрғыны 400 мың еуро (170 млн теңгеден аса) көлемінде сақтандыру төлемін алу үшін қолын әдейі кесіп тастаған.

Жас қыз сақтандыру төлемі үшін қолын әдейі кесіп тастаған

Оқиға Любляна қаласында орын алған. Туыстары оның сақтандыруға қойылған қолын білегіне дейін кесіп тастаған. Артынша олар медицицналық көмек алу үшін ауруханаға жүгініпті. Олар дәрігерлерге 21 жастағы қыздың бұтақтарты кесіп жатып аңдаусызда қолын кесіп алғанын айтыпты, деп хабарлайды BBC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, туыстары кесілген қолды әдейі үйде қалдырып кеткен. Себебі қыз өмір бойына мүгедектік алып, жоғарылатылған өтемақы беріледі деп үміттеніпті. Алайда билік өкілдері кесілген қолды дер кезінде ауруханаға жеткізді. Соның арқасында дәрігерлер қыздың қолын қалпына келтіріп берді.

Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр