Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек күйеуінің жалқаулығынан мезі болғанын айтып жылады

Жас келіншек отбасылық өмірінің қиындықтарын баяндап берді. Күйеуі өзінің әкесі секілді тым жалқау екен. Әлі күнге дейін қайын жұртының үйінде тұрып келеді. Айтуынша, дайын тұрған жерге үй де салғысы келмейді.

STIR-FRY-CHICKEN-e1491056492584

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

«Тұрмысқа шыққаныма екі жыл болды. Құдайға шүкір, ұлым бар. Өзім еш қиындық көрмей өстім. Қайын жұртым да жақсы. Бірақ, күйеуімнің мінезі қиындау. Бастапқыда ата-енеммен бір жыл уақыт тұрып, артынша бөлек шықтық. Отбасын құрғалы күйеуім үйге көп қонбайды. Маған боғауыз сөздер айтып, өзін бойдақ адамдай сезінеді. Қазір, тіпті, үйіміз жоқ. Қасықтап жинағанымызды шөміштеп шашады. Үй саламыз деп дайындап қойған жеріміз бар. Ал ол бұл туралы ойлағысы да келмейді. Ата-енеме де аздап ренжимін. Біздің не істеп жүргенімізде жұмыстары жоқ. Шыны керек, күйеуім өте жалқау адам. Бір нәрсені ұрысып, артынан қуып жүріп әрең істетемін. Әйтпесе, жүре береді. Оны ары-бері сүйреуден шаршадым.

Қашанға дейін шыдай алатынмды білмеймін. Алладан сабыр тілеп отырмын. Ажырасып кеткім келеді. Бірақ, ажырасып, ата-анамды ренжіткім келмейді. Жүректері ауырады емес пе?! Оларға отбасылық қиындықтарымды білдірмеуге тырысамын. «Менде барлығы жақсы» деп жүре беремін. Өз әкем бізге бір үйін берген болатын. Қазір сол жерде тұрып жатырмыз. «Өздерің үй салып алғанша тегін тұра беріңдер» деді. Ал менің күйеуім ешнәрсе істегісі келмейді. Енем де мен секілді атамды әлі күнге дейін сүйреп келе жатыр. Мен де сол кісі секілді боламын ба деп қорқамын. Әлде осы жерден барлығын тоқтатқаным дұрыс па? Қалай ойлайсыздар?», – дейді Аружан Жеңісқызы (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

21 жастағы ару ақшасын алып, жүкті қылып тастап кеткен жігітін іздеп жүр

Келіншек екі жыл төсектес болған қайын інісін қатты сағынып жүргенін айтты

Келін екі рет тұрмыста болып, жүктілігін жасырған абысыны туралы айтты

Бойжеткен шақырусыз келетін қонақтан мезі болғанын айтып жылады

Талқылау