Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек күйеуінің бұрынғы сүйіктісінен құтыла алмай жүргенін айтып жылады

Жас келіншек күйеуінің бұрынғы қызымен әлі күнге дейін сөйлесетінін айтып жылады. Тіпті, әлгі қыздың есімін телефонына ер адамның атымен сақтап қойған екен. Қыз жас келіншектің ескертулеріне мүлдем құлақ аспай, күйеуімен бірге түскен суреттерін желіге жиі салатын болған.

238544676

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

«Қазір 18 жастамын. Өзім Сарыағаштың қызымын. Тұрмыс құрғаныма бір ай болды. Тараздың жігітіне тұрмысқа шықтым. Бірақ, күйеуім екеуіміз Астанада тұрып жатырмыз. Оны сүйіп қосылдым. Ол бір рет үйленіп ажырасқан. Менен 15 жас үлкен. Отбасын құрғалы ол қатты өзгере бастады. Алдыңғы сөйлесіп жүрген қызы бізге маза беретін емес. Күйеуім де мені көп алдайтын болды. Әлгі қызды телефонына ер адамның есімімен сақтап қойған екен. Үнемі телефонын жасырып жүреді.

Амалсыздан әлгі қызға «Отбасымыздың шырқын бұзба!» деп ескерту жасадым. Мені ұғатын түрі жоқ! Отбасымды сақтап қалу үшін түрлі әрекет жасадым. Соңғы кезде өзімнен өзім шаршай бастадым. Ол қыз күйеуіммен түскен суреттерін желіге жиі салады. Күйеуіме айтсам да, ол қызды қойдырар емес. Соңғы 15 күннен бері күйеуім үйге қонбай қашып жүр. Таңертеңге жуық бірақ келеді. Ақыл айтуларыңызды сұраймын. Бәрінен қажып кеттім! Менің не жазығым бар екенін білмей жүрмін. Онымен бақытты болу үшін бәріне көніп келген едім», – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Өзгемен кеткен қызын алып қашқан жігіт махаббат үшін күресуге шақырды

Қазақ жігіті үй шаруасына олақ әйелінен мезі болғанын айтып ашынды

Жас ұстаз: Әке-шешемнің жоқтығын күйеуім бетіме басады деп қорқамын

Екі әйелдің арасында таңдау жасай алмаған жігіт жұрттан ақыл сұрады

Талқылау