Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келін отбасылық ақшаны енелерге беруге қарсы шықты

Қазақстандық жас келін отбасылық бюджетті ұйымдастырып отырғанды жақсы көретінін айтты. Ол барлық ақшаны енелердің ұстауына қарсы.

18579600_1317794078306215_6336057586101518336_n (1)

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Соңғы кезде отбасылық бюджет тақырыбы жиі көтеріліп жүр. Бірі барлық ақшаны ененің ұстағанын құптаса, енді екіншілері әркім ақшасын өз керегіне жаратуы тиіс деп есептейді. Екіншілердің қатарында Наурыз ханым да бар. Ол ақша ұстағанды ерекше жақсы көретінін айтып жатыр.

«Отбасымда барлық ақшаны мен ұстаймын. Азық-түлік сынды керек-жарақтардың барлығын өзім әкеліп отырамын. Жолдасым ешнәрсеге араласпайды. Кейде өзім есеп беріп отырамын. Бірақ, оның есептеп отырған кезі болмаған. Бастапқыда 5 ай ата-енеммен тұрдым. Енем «Қанша жалақы аласың? Жалақыңды маған әкеліп отыр» деп айтқан емес. Ол кісі керісінше «Керек-жарақтарыңа жаратыңдар» деп ешнәрсеге араласпайды. Ата-енемнің өздері жұмыс істейді. Өз күндерін өздері көріп отыр. Керісінше, артылып жатса бізге беру жағын ойлайды. Басқа келіндер секілді ақшамды біреуге беріп қойып отыра алмаймын. Ақша ұстағанды жақсы көремін», – дейді Наурыз ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келін: Барлық ақшаны енем ғана ұстайтынына қуанамын

Келіншек опасыздығы үшін ақталып әуре болмайтынын айтқан күйеуіне ренжіп жүр

Алғашқы неке түнінде пәктігінен айырылмаған қыз күйеуінің әрекетіне риза болған

Қазақстандық келіншек барша көңілдестерге өтініш айтты

Талқылау