Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жас Қанат – 2016” байқауының жеңімпазы белгілі болды

Мерейтойлық «Жас қанат – 2016» жас әншілердің XXV республикалық байқауы мәресіне жетті. Тартысты өткен байқаудың ең үздігін таңдау үлкен қиындық тудырды.

321

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Қатысушылар үшін ең маңызды күн Астана әкімшілігіндегі кездесуден басталды. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жасқанаттықтармен жанды әрі жүрекжарды әңгіме қозғады. «Жас қанаттың» енді-енді аяққа тұра берген кезеңін әңгімелеп, өткенді бір еске алды. Кездесу соңында қатысушылар бір ауыздан «Айттым сәлем қаламқас» әнін тарту етті. Әкімшілік өз кезегінде естелік кітаптар мен гүл шоғын табыстады.

Байқауға оралсақ, финалистер екі әннен орындады. Бірінші кезеңнен ең аз ұпай алған қатысушылар енді қонақ ретінде өнер көрсетті.

7878

Сондай-ақ мерейтойлық гала-концертте еліміздің танымал әншілері Мадина Сәдуақасова, Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, «Меломен» тобы, Нұрлан Абдуллин, Нұржамал Үсенбаева, Ерлан Көкеев, Бақыт Шадаева, Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

8888

Сонымен, Нұржан Оразов (Ақтөбе), Жалғас Сұлтанов (Астана), Айзада Әлімбекова (Шымкент) байқаудың дипломанты атанды. Ал республикалық ән бәйгесінің бас жүлдесін семейлік Парасат Отан иеленді. 2-ші орын – қарағандылық “Үш жүз” тобына, 3-ші орын оралдық Айбек Дәулетқалиевке бұйырды.

Талқылау