Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас арыстан екінші жыртқыштың үстіндегі инені тісімен суыруға талпынған (фото)

Фотограф өзінің жақынына көмектесіп жатқан жас арыстанды көріп, тамаша көріністі суретке түсіріп алған. Жыртқыш өзінің тістерімен екінші арыстанға кіріп кеткен инені шығаруға талпынған.

1468409303_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-1

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Бұл оқиға Кения астанасынан 200 шақырым қашықтықтағы Найробиде болған. Жергілікті табиғатты қорғау қызметкерлері жануардың аяғын емдеу үшін оған ұйықтатын дәріні алыс қашықтықтан атқан. Қызметкерлер тек жыртқыштың жарасын емдемекші болған. Алайда оларға жас арыстан кедергі келтіріпті.

Қызметкерлердің көмекші арыстанға да сол ине салу процесін қолдануына тура келеді. Тек әсер ету мөлшерін азайтып салады. Ветеринарлар осылайша қауіпсіз жағдайда жыртқыш аңдарды емдеуге мүмкіндік алған.

Соңғы бірнеше жылда Кенияда браконьерлердің саны артып кеткен. Сол себепті ветеринарлар табиғатты қорғау қызметкерлерімен бірге күн сайын арнайы бақылау жасап отырады.

1468409318_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-2

1468409366_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-3

1468409375_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-4

1468409402_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-2

1468409404_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-3

1468409409_molodoy-lev-vytyagivaet-drotik-s-trankvilizatorom-iz-tela-lvicy-1

Талқылау