Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас әкім Кулагин алматылықтарды сенбілікке ерекше түрде шақырды (видео)

Алматыда Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин өз парақшасында тұрғындарды сенбілікке шақырған бейнеролик жариялады.

Кадрда Кулагин Алматының басқа тұрғынына СМС-хабарлама жіберіп жатады.

“Құрметті достар, сіздерді 21 қазанда өтетін жалпы қалалық сенбілікке шақырамын! Бәріміз қаламызды әдемі ету үшін еңбек етейік! Мен сіздерді күтемін”, – деп жазды ол.

Осы жылы 31-ге келетін Павел Кулагин Ақмола облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагиннің ұлы. Кіші-Кулагин әр жылдары ҚР президент әкімшілігінде, Астана қаласында лауазымды қызметтер атқарды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбелік жігіт жат ағымның жетегіне қалай түскенін айтып берді

Ақтөбелік дәрігерлер сал болып қалған баланың ата-анасынан 4,5 миллион теңге өндіріп алмақ

Астана тұрғыны жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып, ағызып жіберді

Талқылау