Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарыңыз ашуланбау үшін не істеу керек?

Әрбір ер адам өзінің мінез-құлқымен, әдетімен, өмірге деген көзқарасымен ерекшеленеді. Әйелі күйеуінің нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын білуі тиіс. Күйеуіңіздің көңілінен шығып, арадағы сүйіспеншілікті арттыру үшін нені есте сақтаған жөн?

ade0b8e020f92ef815cd25811ff2c70b_resize_w_520_h_

Бұл туралы mazhab.kz хабарлайды.

Аштық

Жұмыстан соң: «…дәмді бір нәрсе дайындап қойған болар» деген оймен асығып үйіне келген күйеуі ештеңе дайындалмағанын көрсе, әлбетте, ашуланады. Сондықтан, асты уақытылы әрі дәмді етіп дайындасаңыз, жарыңыздың көңілінен шығасыз.

Балаларына, үй шаруасына көңіл бөлмеу

Есіңізде болсын, жиналмаған үй, күтім көрмеген балаларыңызды көрген жұбайыңыз екінші рет үйге асығып келуі екіталай. Оған дайындалмаған асты қосыңыз.

Ысырапшылдық

Жарыңыздың маңдай терімен тапқан табысын оңды-солды жұмсап, болмашы нәрселерді сатып алсаңыз ашуланары сөзсіз. Не нәрсе болса да күйеуіңізбен кеңесіңіз.

Жақындарымен ренжісу

Жұбайыңыздың ата-анасы, аға-әпкесімен сөз таластырып, оларды ренжітсеңіз, жарыңыздың жүрегіне жара салдым дей беріңіз. Сондықтан туыстарымен ара-қатынасыңыз мейлінше жақсы болғаны дұрыс.

Оқи отырыңыз:

Қайын інісімен төсектес болған келіншек баласының кімнен екенін білмей жүр

Науқас қыздың анасы қайырымды жандардың 10 млн теңгесін басқа мақсатта пайдаланған

17 жыл бала сүюді армандаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді (фото)

Депутаттар жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтты

Талқылау