Жарын туған күнімен құттықтаған Төреғали жұртты сүйсіндірді

Төреғали Төреәлінің шаңырақ көтеріп, отағасы атанғанына 4 жылға жуық уақыт болған. Алайда хитмен өзіне үш бірдей қыз сыйлаған қосағын тек өткен жылдың күзінде елге таныстырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жарын туған күнімен құттықтаған Төреғали жұртты сүйсіндірді

Толқын Алматы облысының, Райымбек ауданында туған. Бүгінде үш қыздың анасы. Ал Төреғали мен Толқынның таныстығы осыдан 10 жыл бұрын бастау алған-ды. Жақын араласпаса да, екеуі ара-тұра хат алмасып, сөйлесіп тұрған екен. Байланыс үзіліп қалғаннан кейін, Толқын Төреғалиге бірінші болып хат жазған. Сөйтіп екі жас қайта сөз жарастырып, көп ұзамай шаңырақ көтерген.

Десе де, танымал әнші үш жыл бойы үйленгенін жасырып келді. Тек 2017 жылдың қазан айында дүркіретіп той жасап, келіншегін елге таныстырды. Сол шақтың өзінде-ақ, Төреш: “Жарымды барлық жерде өзіммен бірге алып жүрмеймін, осы жерде көріп, тілдесіп алыңыздар. Бірінші және соңғы көрсетуім”, – деген болатын.

Расымен де Төреәлінің ұлы содан бері жұбайын ешкімге көрсеткен емес. Тіпті, әлеуметтік желідегі парақшасына суреттерін салуды сиреткен. Ал күні бүгін Ұлы дала баласы қыздарының анасын меншікті мерекесімен құттықтап, дүйім жұртты сүйсіндірді.

“Туған күнің құтты болсын, менің Толқыным”, – деп қысқа қайырды ол.

Көпшілік Төреғалидің отбасын кезекті қуанышымен жарыса құттықтап, жастарға баянды бақыт тілеуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар