Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарылқасын Дәулет: Сахнамызға “голубойлар” шықсын деп желтоқсанда тәуелсіздік алдық па?!

Мәдениет қайраткері, композитор, сатирик, талай хит әндердің авторы Жарылқасын Дәулет ағамыз қазіргі әншілерімізде білім бар болғанымен біліктілік аз екенін айтады. Сахнаны арзан ойын-күлкімен былғамауды қалайтын сазгер қазақ эстрадасының деңгейі өсіп келе жатқанына қуанады. Десек те, эстрадамызда жаңадан пайда болып жатқан ағымдардың санасыздыққа жетелейтіне күйінеді. Stan.kz ақпарттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында плагиат әндер мен “91” тобы жайлы өз ашық айтты.

Жарылқасын Дәулет

Қазіргі таңда эстрадамызда плагиат әндер көбейгені жасырын емес. Тіпті, әндерінің плагиат екенін айтудан әншілеріміз қымсынбайтын дәрежеге жеткен. Бұған не айтасыз?

Қазір әншілер білімді болғанмен біліксіз. Басқа ұлттың өнерін іңкәрлікпен емес, сұғанақтықпен елге жариялап, атақ үшін алып жатыр. Басқалар да алып жатыр ғой деген желеумен. Ұрлық деп айтпасын деген оймен басқадан алған әндерін жасырмайды. Одан да жақсы туындылар қазақтың композиторларында жетіп жатыр. Сондай жақсы әнді көре алмау әншінің біліксіздігі. Шет елден әнді ұрлап әкелу жақсы нәрсе емес. Қолдамаймын. Бұрын ол іңкәрлік, әнге деген махаббаттан болатын. Бұрынғы іңкәрлік қазір ұрлыққа ауысып кетті. Плагиат дегенде тағы бір айта кететіні, ассимиляцияға түскен әндер де бар. Оңтүстік, Жетісу өңірлерінде қырғыздың әндеріне ұқсастық бар. Шымкент қаласының кейбір жерлерінде өзбек әндеріне ұқсастық бар. Бұл плагиатқа жатпайды. Ән осылай байып отырады. Ал, әншілеріміз дайын асқа тік қасық болып ұрлық жасамай, іздену керек.

Өзге елдің әніне жиендік жасаудың көбеюін қазіргі сазгерлердің қауқарсыздығынан, әлсіздігінен көруге бола ма?

Бұл сазгердің қауқарсыздығынан емес. Қазір сазгерлер көбейіп кетті.  Олардың ішінде мықты әндер жазатындары да бар. Өзге елдің әндеріне жиендік жасау қазір дәстүрге айналып кеткен сияқты. Жақсы ән тауып, оны халыққа жеткізу оңайдың ісі емес. Көп еңбекті талап етеді. Ал бұған мойынсұнғысы келмеген соң әншілер дайын әнге, халықтық жүрегіне жол тапқан әнге ие бола қояды.

Жас әншілермен қоса, бұрыннан эстрадамызда жүрген әншілердің өзі Q-POP ағымына лайықтап ән жаздыра бастады. Бұл нені білдіреді?

Неге Q-POP жаздыра бастады? Екі тараптан қарастырып айтуға болады. Біріншісі, әншілерддің өзіне-өзі сенімсіздігі, еліктеушілігі. Сенімсіз әншілер осы бағытқа кетеді. Өйткені, осындай өнер жұртқа ұнап жатыр. Ал өзіне-өзі сенімді әншілер Q-POP-ты қайтсін? Мысалы, Димаш Құдайберген. Оған Q-POP-тың не керегі бар? Димаштың таудай таланты, қабілеті, қасиеті  бар. Ол майда-шүйде Q-POP сияқты нәрсеге мазақ болғысы келмейді. Батыстың қаңсығын өзімізге таңсық етіп жүрміз. Ал Димаш қазақты әлемге таңсық етіп тұр. “Осылай да ән айтуға болады екен-ау” дегізіп тұр. Әлем Димаш арқылы мағыналы дүниеге ұмтыла бастады. Ал біз Q-POP дегенді әкелген “Орда” тобындағы санасыз әншінің кесірінен санасыздыққа бағытталып бара жатырмыз. Димаш арқылы әлем халықтары саналылыққа қарай бет бұрып жатыр. Ал, қазақтың ақымақтары Q-POP сияқты жын-ойнаққа зәру болып тұр. Бойында тұлғалық қасиеті жоқ әншілер Q-POP-қа кетіп жатыр. Екіншісі, санасыз, әлі қалыптасып үлгермеген жастардың бұл бағытты жақсы көріп қалған соң, кейбір әншілер Q-POP арқылы жақсы сөз айтқысы келіп, жастарымыз түзеліп қалатын шығар деп ән шығаруы мүмкін. Міне, осы мақсатта Q-POP айтуы мүмкін. Ондай әншілер бар шығар,бірақ мен әлі көрген жоқпын.

Q-POP ағымын қазақ эстрадасына әкелген “91” тобы екені белгілі. Бұл топқа байланысты айтқан пікіріңізді кейбір бағдарламалардан көріп қалып жүрміз. Бұл топтың тек сырт бейнесі үшін ғана жақтырмайсыз ба әлде шын мәнінде ол жігіттердің өнері сахнаға лайықсыз деп танисыз ба?

Оның сырт бейнесі қатын сияқты болғандықтан да олар лайықсыз. Әсіресе, қазақ деген қасиетті ұлттың сахнасына шығуға лайықсыз. Мен қазақ халқын: дана, ақсүйек, батыр, өр, парасатты деп танимын. Осыншама қасиеті бойына дарыған халықтың сахнасына “голубой” сияқты шығу барып тұрған қорлық, сұмырайлылық! Мұндай ездік өз халқының сатқындарында ғана болады. Орда тобының жетекшісі-алаяқ. “91” тобының мүшелері соған ілесіп батыр бабасын қор қылды. Олардың әке-шешесі де сорлы екен. Балам осындай сорлы болып кетті деп арланбайды. Намыс жоқ. Алаяққа сеніп қалған.
Бұлар үлкен дайындықпен келді. “91” деп ат қойды. Тәуелсіздігімізден садаға кеткірлер, сонда біз сахнамызға голубойлар шықсын деп желтоқсанда Тәуелсіздік алдық па?!
Ұлы халықтың ішінде де ұрылар болатынына, парасатты халықтың ішінде санасыздар болатынына – “91” тобы дәлел. Олар қазір көп. Бір сөзі оңған сөз емес, ібілістің сөзі. Ұлтты қорлағаны үшін, қазақтың сөзін қорлағаны үшін бұларды сотқа беріп, көзін құрту керек. Ал, стиліне келсек, халық креативке құмартып тұрады. Бұрын көрмеген соң таң қалып қарады, бұл да уақытша, кейін жайына қалатын нәрсе. Осындай қасиетсіздіктері үшің де сахнаға лайықсыз.

Автор: Жанна Мәлік

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр