Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылған шар үшін: Таразда соққыдан көз жұмған жігіт қызды қорғамақшы болған

Таразда 16 жастағы жігіттің өліміне қатысы бар төрт жігіт іздестірілуде. Колледж студенті төбелес кезінде алған соққыдан көз жұмды. Қайтыс болған жігіт жай ғана  дос қызын бұзақылардан қорғамақшы болған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Жарылған шар үшін: Таразда соққыдан көз жұмған жігіт қызды қорғамақшы болған

Қыздың туған күні оқиға болғанға дейін жарты сағат бұрын ғана атап өтілген. Достар үйге қайтпақшы болып, қала орталығында серуендеп жүрген. Алайда, олар сол уақытта бұзақыларға тап болып отыр.

Куәгерлердің айтуынша, бұзықылар қыздардың бірінің қолындағы шарды жарып жіберген. Ал, бұны көрген 16 жастағы жігіт әлгілердің әрекетіне ашуланып, қызды қорғамақшы болды. Бірақ, сол сәтте ол бетінен соққы алып, бетонға соғылып құлады. Соққыға жығылған жігіт дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды. Ал, бойжеткеннің қолындағы шарды жарып жіберіп, кісі өлтірген бұзақылар оқиға орнынан қашып кетті. Енді, жас жігітті соққығы жығып, денсаулыққа қасақана зиян келтіргендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Қазір осы факті бойынша полиция «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, іс ІІД-нің бақылауына алынды»,- дейді Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 Айта кетейік, кеше Таразда белгісіз біреулердің 16 жастағы жігітті соққыға жығып, өлтіріп кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау