Жары Толқын Төреғалиді фильмдегі сүйіктісінен қызғанып қалған

Төреғали Төреәлі өз өмірінен сыр шертетін фильм түсірді. Ұлы дала баласының айтуынша, кинокартинаның сценарийі осыдан екі жылдай бұрын жазылып басталған. Алғашқыда жобаны ұнатпаған Төреш кейіпкерін Павлодардағы даулы оқиғадан кейін ұғынғанын айтады.

Жары Толқын Төреғалиді фильмдегі сүйіктісінен қызғанып қалған

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“25 жас – мерейлі жас болғаннан кейін, ең бірінші киноға тапсырыс бердік. “Назар аудар” театрының жігіттері жазатын болды. Негізі бір жұлдыздың өмірі, маған арналып жазылмаған. Танымал адам болады, алғашқыда оның жұлдызды сәті көрсетіледі, сөйтіп оны бір күнде ешкім танымай қалады. Маған сол жері ұнамай қалып, көңілім кілт ете қалды.

Бір күннің ішінде ешкім танымай қалмаса да, одан да бетер ауыр жағдайды басымнан кештім. Тағдырыма шағымданып отырған жоқпын, мен ондай сынақты көтере аламын. Бірақ ол жағдайды менен артық ешкім сезіне алмайды. 16 миллион халықтың тең жартысы бетіңе түкіріп, елден қуғысы келсе, оған қасқайып қара нардай тұра алмайсың. Одан қайта келіп, біреу бетіңнен ұрғаны жақсы. Сол оқиғадан кейін мына сценарий маған сіңді”, – дейді Төреғали.

Үш қызының анасы болған Толқын Төреғалидің алғашқы көрермені. Қазан айында жарыққа шығатын туындыны ең алғаш болып Төрештің жұбайы бағалапты. Алайда Төрешті де, анасын да байсалды мінезімен баурап алған Толқын бұл жолы қызғанышқа бой алдырған көрінеді.

“Ғазизханмен бірге жазған “Кино көрем” атты бейнебаян шықты. Үйдегілерге көрсетпекші болып, үйге алып келдім. Біткен соң Төремұрат деген жігіт фильмнің “черновой” нұсқасы бар екенін айтып, көруге ұсыныс жасады. Анам естіп қалып, көрем деді. Ар жағында Толқын шай құйып отырған. Сөйтіп ас үйдің жарығын өшірдік те, бәріміз отырып көрдік. Әлі бітпеген түрі етін. Көріп, күліп отырды. Кино біткен соң, бәрі жатып қалды. Толқын тырысты да қалды”, – деген Төреғали бұдан кейін Толқын екеуінің арасында болған диалогты айтып берді.

Төреғали: – Не болды саған?
Толқын: – Ештеңе болған жоқ.
Төреғали: – Бері кел. Жынды боп қалғансың ба? Қызғанып жатсың ба?
Толқын: – Жоқ, қызғанып жатқан жоқпын.
Төреғали: – Бұлай жасайтын болсаң, көрсетпейтін едім. Кинотеатрдан бір-ақ көретін едің.
Толқын: – Сен маған істейтін қылықтарыңның бәрін жұртқа істей береді екенсің.

“Маған не дегенін түсіндіңіздер ме? Толқындікі қызғаныш емес, ол сеніп қалған ғой. Маған айтатын сөздеріңді кинода қолданып тұрсың. Яғни, сұмдық әртіс екенсің ғой, ішінен “айуан” екенсің деп тұр маған”, – дейді Төреш.

Ұлы дала баласы жұбайының өзінің актерлік ойынына сеніп қалғанын түсініп, сабасына түскен. Артынша Толқынға кинода мінсіз актер болу – оның міндеті екенін түсіндіруге тырысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали жары Толқынға үйленген шақты еске алған еді. Төреғалидің анасы Толқынға үйленбеген жағдайда, ұлынан бас тартпақшы болған екен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар