Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жартылай жалаңаш суретін көрсеткен Қасымовты желі қолданушылары аяусыз әжуалады (фото)

Ғани Қасымовтың жуыну бөлмесінде тұрып, жартылай жалаңаш түскен суреті жұрттың әзіліне айналды. Алдымен саясаткердің суретіне түрлі пікір жазғандар, кейіннен суретті түрлендіріп таратты. Жұрт Қасымовтың тура сол суретін түрлі образда киіндіріп үлгерген.

Қасымов

Желі қолданушылардың бірі саясаткердің суретіне қарап блогер Асель  Баяндарованы еске алған сыңайлы. Іш киіммен түскен қызды саясаткердің қасына біріктіріп қойған.

қасымов2

 

Енді бір желі қолданушысы Қасымовқа  шылым шектіріп, күннен қорғайтын сәнді көзілдірік кигізген.

қасымов3

Есте болса, Ғани Қасымовтың осы суреті желіге жүктегеннен бастап, саясаткердің парақшасына жазылушылар оны жұртқа тарата бастаған. Тіпті оның мойнындағы алтын тұмарына қызыққандар да көп болды. Кейіннен Ғани Қасымовтың өзі әшекей бұйымды қайдан алғанын жазған еді.

қасымов1

 

 

Талқылау