Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарты жыл өмірі қалған қыз армандарын жүзеге асыруға кірісті

28 жастағы қыз 8 апта бұрын өздігінен жүре алмай қалған. Дәрігерлер оған омыртқаның қатерлі ісігі деген диагноз қойған. Мұны естіген қыз армандарын орындауға кірісіп, сүйген жігітіне тұрмысқа шықты, – деп хабарлайды Stan.kz.

Дәгірерлер 28 жастағы Мартин Килминистердің омыртқасынан 4-дәрежедегі қатерлі ісік барын анықтаған. Бұл ақпарат Мартин мен жігіті Кристоферді есінен тандырған-ды. Ақ халаттылардың айтуынша, қыздың бір жарым жыл ғана өмірі қалған. Бұл жағдайдан кейін 12 жыл бойы қол ұстасқан ғашықтар отбасын құруды ұйғарады. Олар небары бір айдан кейін шаңырақ көтерді. Кристофер той күнін барыншы ерекше өткізуді қалаған.

Күйеу жігіт қалыңдығына арнап тосынсый әзірлеген. Ол той кезінде мүгедектерге арналған арбада отырған қалыңдығын көтеріп алып, Aerosmith рок әншілер тобының «I don’t want to miss a thing» әніне билеген. Бұл сәттің әсерлі болғаны сонша, қонақтардың көзінше еріксізден жас келді.

Мартин 2017 жылдың маусым айынан бастап арқасының ауыратынын айтып, шағымдана бастаған. Қыздың жасына қарап, дәрігерлер мұншалықты ауыр дертке шалдығады деп ойламаған. Бірақ тамыз айының соңында қыздың жағдайы күрт нашарлаған.«Кристофер мені ортаға алып шығып, биге шақырады деп ойлаған да емес. Бұл өте тамаша тосынсый болды. Той күнін жоспарлау үшін, бізге 4 күн жеткілікті болды», – дейді Мартин.

«Өз аяғымды сезбей қалғанымда, нерв жасушалары қысылып қалған болар деп ойладым. Бірнеше ай бойы арқам қатты ауырды. Дәрігерлер арқамның ауруы бұлшық еттің жиырылуына байланысты деген қорытындыға келген. Енді омыртқаның 4-дәрежедегі қатерлі ісігі диагнозын қойды. Дәрігерлер 18 айдан ұзақ өмір сүрмейтінімді айтты», – дейді Мартин.

Ғашықтардың ортақ 2 баласы бар. Ендігі олар отбасымен бал айына аттанбақ.

«Менің ең тамаша ұлдарым, күйеуім, достарым және отбасым бар. Қатерлі ісікпен бар күшімді сала күресетін боламын», – дейді Мартин.

Мартин өмірін ұзарту үшін химиялық терапия курсынан өтуді бастайды. Ол басынан өткен оқиға өзгелерге сабақ болып, үміт сыйлайды деп сенеді.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар жылқылардың адамды қимыл-қозғалысынан түсінетінін анықтады

Үндістан тұрғыны 600-ден аса шеге жұтып қойған (видео)

Алғашқы кездесудің өзінде өмірлік жарыңызды тануға көмектесетін 3 сұрақ

Ұры терезеде кептеліп қалып, 2 сағат бойы көмек сұраған (фото)

Талқылау