Жарты ғасырдан кейін анасын тапқан қазақстандық «Пусть говорят» телешоуына шақырылды

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 8:58

Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны Ольга Высоцская мен оның жұбайы Александр Шрамко Ресей астанасына – «Пусть говорят» телевизиялық шоуы түсіріліміне шақырылды.

20160309074846

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Ольга Высоцская бір жарым жасында анасы бас тартқаннан кейін балалар үйінде және көзі нашар көретін интернатта тәрбиеленген болатын. Жоғары сыныптарда оқып жүргенінде ол ағасы бар екенін білді. Олар хат жазысып тұрды, бірақ қайта құру кезеңінде байланыс үзіліп қалды.

Қазір Ольга Александровна 53 жаста. Жақында әлеуметтік желілерден оны ағасы Сергейдің қызы – Наталья тауып алды. Ольга одан оның тағы үш бауыры бар екенін естіп білді. Туыстар көктемде Сергей тұрып жатқан Томскіде кездеспек болып уәделесті. Сонда өмір бойы көрмеген Ольганың анасы да келмек.

Осы ақпарат жергілікті баспасөзде жарияланғаннан кейін «Пусть говорят» бағдарламасы Ольга Высоцскаяны телехабарға, Мәскеуге шақырды. Онда журналистер Ольганы бауырларымен және анасымен кездестірмек. Жол шығынын да бағдарлама өз мойнына алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар