Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарты сағат күннің астында жүрген әйелдің қолын үшінші дәрежелі күйік шалды

Англияның Кингстон-апон-Халл қаласының тұрғыны жарты сағат бойы күн астында тұрамын деп күйіп қалды. Оның қолын үшінші дәрежелі күйік шалған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарты сағат күннің астында жүрген әйелдің қолын үшінші дәрежелі күйік шалды

Венди Сеннетттің айтуынша, ол 4 мамырда Бирмингем қаласындағы пейнтбол клубқа барғанда қолын күйдіріп алған.

«Мен күн астында жарты саған қана жүрдім. Кейін қарасам, қолыма қараудың өзі қорқынышты. Оң қолымнің ісіп кеткені сонша, саусақтарымның сүйегі көрінбей қалды», - дейді ол. 

Бұған дейін 58 жастағы әйел көмейдің қабынуын емдеу үшін бірнеше апта бойы стероидті препарат қабылдаған болатын. Ал, сол дәрілердің әсерінен оның терісі өте сезімтал болып қалған. Бірақ, ол дәрі-дәрмектертің қаптамасын дұрыстап оқымағандықтан, одан жағымсыз әсерлер болатынын білмеген.

Енді оның қолы күйіп кеткендіктен, әйелге медициналық көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлері оның жарасына тыныштандыратын гель жағып, қабынуға қарсы препараттар берді. Осындай жағдай орын алған соң, мамандар науқасқа стероидті препараттарды одан әрі қолдануға тыйым салды. Бірақ, әйелге қанша көмек көрсетілгенімен, күйік шалған күннен 12 күн өтсе де, оның терісі қалпына келмеген.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр