Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жартасқа салынған коктейль-бар (фото)

Заманауи архитекторлар жұртшылықты керемет идеяларымен таңқалдырудан жалығар емес. Журыда Мексикада ерекше демалыс орыны пайда болмақ. Жартастарға ілініп тұрған ғимарат құс ұшып өтер биіктікке салынған. Ол жерден төменге қараудың өзі қорқынышпен қатар ләззат сыйлайды.

CCCBar01-800x546

Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.

Бұл Copper Canyon Cocktail Bar деп аталатын жобаны Tall Arquitectos компаниясы ұсынып отыр. Керемет көз тартатын коктейль-бар жартастардың беткейінде Басасеачи сарқырамасына қарама-қарсы орналаспақ. Шыны еденмен жабдықталған көңіл көтеру орыны жерден бірнеше ондаған метр биіктікте.

Керемет бар екі деңгейден құралады. Жоғарысында орындықтар мен бассейн орналасса, төменде бар орналасқан. Әрине, бұл коктейль-барға екінің бірі жүрегі дауалап баруы екіталай. Себебі аяғыңыздың астынан бірнеше метр төмендегі жер айнадай көрініп тұрады.

CCCBar03

CCCBar04

CCCBar05

Талқылау