Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарқынай Ханайымның әні де, бейнебаяны да көшірме ме? (видео)

Продюсер Баян Есентаева қол астындағы Жарқынай Ханайым есімді жаңа әншіні таныстырды. Алайда, Жарқынай Шалқарованың дебюті ұқсастықтар жайлы көптеген әңгімелерге түрткі болды.

maxresdefault (1)

Жарқынай “Жанды дауыс” жобасына қатысуы кезінде продюсердің көзіне түскен. Әншінің “Махаббатым” атты әніне түсірілген тұңғыш бейнебаянының тұсаукесеріне орай продюсер өнер адамдарының басын қосты. Көпшілік әншінің дебютінен тың дүние, жаңалық күтті. Бұған дейін бірқатар БАҚ “Есентаева Жанарды басып озатын әншіні дайындап жатыр” деп жарияға жар салған болатын. Алайда, Жарқынай Шалқарованың дебюті ұқсастықтар жайлы көптеген әңгімелерге түрткі болды.

Атап айтқанда, әншінің түрін Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденоваға ұқсатса, тұңғыш бейнебаянын Ресей әншісі Валерияның қызы Анна Шульгинаның “Ножевая” әніне түсірілген бейнебаянының эпизодтарына ұқсатты. Ал әуені Мехмет Джемал Ешилчайдың “Secret garden” туындысының көшірмесі болып шықты, – деп жазады baistars.kz.

Дегенмен, Баян Есентаева осы тектес сындарға еті әбден үйренгенін меңзеп, шәкіртін де дайын болуға шақырды. “Дағдарыс – нағыз өнерлілерді шығаратын уақыт. Біз үш ноталы әндерден әбден жалығып, екі октаваны сағындық! Өзіңе бекем бол, әлі талай сын айтылып, көп адам мойындамайды, тас лақтырады… Тек жүректен шыққан ән ғана тыңдарманның құлағына жетеді. Бұған біздің табандылығымыз бен сеніміміз көмектеседі!” – деп Жарқынай Шалқарованы үлкен өнер әлеміне қадам басуымен құттықтаған продюсер плагиат жайлы әңгімелерге түсінік берді. “Достар! “Махаббатым” жаңа әнімізге қатысты кішігірім ақпарат, бұл норвегиялық композитор Рольф Ловландтың скрипкалық туындысы, біз әлемдік классиканы ән жанрында ұсындық!” – деп жазды Баян Есентаева.

Бұған дейін Баян Есентаеваның жаңа жобамен таныстырғанын хабарлаған едік.

Талқылау