Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарайсың, елің сені мақтан тұтады": Тоқаев Головкиннің жеңісі туралы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыны twitter желісі арқылы жеңісімен құттықтады. 

"Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин Стив Роллсты 4-раундта нокаутпен жеңді. Аталған жекпе-жек Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden  аренасындағы басты кездесу болды. Сондай-ақ, желіде жекпе-жек видеосының жарияланғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау