Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі жаратылысы адам айтса сенгісіз 10 ер адам (фото)

Әр адам өз алдына қайталанбас тұлға. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Жер бетінде бірдей адамдар жоқ десек те болады. Алайда бұл ер-азаматтардың жаратылысы өзгелерден тым бөлек.

image

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Олардың жер бетінде ел қатарлы өмір сүріп жатқанына сену қиын.

Индонезиялық Деде Косвару бала күнінде тізесін жарақаттап, осыдан кейін денесін сүйел басып кеткен. Оған дәрігерлер “Левандовский-Лютцтің дисплазиясы” деген диагноз қойған. Азамат 2016 жылдың ақпан айында қайтыс болған.

3

Брайан Шоу қалжың көтере бермейді. 2015 жылы ол үшінші рет әлемдегі ең мықты адам атағын жеңіп алды. Ол салмағы 442 кг болатын затты көтере алады.

4

Ер азаматтардың сақал-мұрттарының жылдам өсуіне бола түрлі келеңсіздікке тап болатыны белгілі. Алайда Ю Чжэнхуанюдің жағдайы тым қиын. Оның денесін түк басып кеткен.

5

Сіздің тәніңізде пирсинг бар ма? Ал Рольф Бухгольцтің денесінде 100 тесік бар. Пирсингке қатысты ақыл-кеңес керек болса, осы жігіттен сұрағаныңыз жөн.

6

Көгілдір түсті адам деген кезде ойға Аватардың оралатыны анық. Ал Пол ауруынан емделемін деп жүріп, тәнінің түсін көкке өзгертіп алған.

7

Украиналық Леонид Стадниктің баскетбол спортында жолы болды. Ол өз заманында 253 см бойымен әлемнің ең бойшаң адамы атанған болатын. Леонидке 14 жасында ота жасылып, гормондарының қызметі бұзылған. Соның нәтижесінде бой өсіру горманы қарқынды түрде бөлінген. Леонид 2014 жылы миына қан кетіп қайтыс болды.

8

Төсекке жатып демалғанды барлығы жақсы көретін шығар. Алайда әр нәрсенің шегі бар. Патрик Дьюэлл 7 жылдан бері төсекте жатыр. Ол өзінің 465 кг салмағымен әлемнің ең ауыр адамы атанды. Дәрігерлер асқазанына ота жасаған соң 226 кг-ға арықтаған. Артынша қайта толып кеткен. Патрик 2016 жылы 54 жасында қайтыс болды.

9

Бойы қысқа адам туралы ойлаған кезде, хобитті немесе Тирон Ланнистерді еске түсіретін шығарсыз. Непал тұрғыны Чандр Бахадур Дангтың бойы небәрі 54,6 см.

10

Соңғы рет қашан жуынған едіңіз? Жауабыңыз үшін сенімдісіз бе? Мысалы, 80 жастағы Иран Аму Хадж 60 жылдан бері жуынбаған екен. Мұнымен қатар, Аму өзі жануарлар дене мүшесінен жасайтын темекі тартады. Оның достары мүлдем жоқ десек те болады.

11

Гарри Тернерге дәрігерлер Элерс-Данлостың синдромы деген диагноз қойған. Ол терісі мен сүйегінің жұмсақтығы соншалық, резіңке секілді иіліп, созылады.


Жіберіп алмаңыздар:

“Балық баланы” бүгінде дәстүрлі емес медицинамен емдеуде

Жәндіктер мен жануарлар жаратылысының сіз білмейтін таң қаларлық құпиялары (фото)

Әр елдегі екі жынысты адамдардың тағдыры (фото, видео)

Қызылордада екі аяқты мысық, алты аяқты қозы туылды (фото)

Талқылау