Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаралы терроршылар жатқан палатаға күзет қойылды

Ақтөбедегі теракт барысында жараланғандардың нақты саны белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша қазір қаладағы екі ауруханада 19 зардап шеккен адам жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

ьтим

Олардың алтауы әскери адамдар, алтауы полицей, төрт күдікті мен үш қала тұрғыны бар. Дәрігерлердің айтуынша барлық жаралы адамдардың жағдайы бірқалыпты. Тек бір әскери қызметкер ғана жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыс әкімі де келіп, жаралылардың жағдайымен танысты. Қонақтар палаталарды аралап, қызмет көрсету сапасымен танысып шықты. Дәрігерлер ем-дом, олардың жағдайы туралы айтып берді. Тек басшылар жаралы күдіктілермен ғана жүздескен жоқ. Оларды күзет қатаң қарауылдап тұр, бөгде адамдар жіберілмейді.

“Айсұлтан 1996 жылы туған. Әскери бөлімде қызметкер. Ол кеудесіне және жақ сүйегіне оқ тиген. Бір саусағынан айырылған”, – деді дәрігерлер.

Бұған дейін жазықсыз қаза болған жандар туралы жазған едік. Әскери бөлімнің өзге де қызметкерлері тұтқиылдан жасалған шабуылдан қаза тапты.

Талқылау