Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаралы сержант батыл әрекет жасап үлкен ерлік танытты

Белгісіз нысандарды жару кезінде жарақат алған сержант Ахметовтың қайсарлығының арқасында 9 әскери қызметкер құтқарылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жаралы сержант батыл әрекет жасап үлкен ерлік көрсетті

«Белгісіз нысанды жару кезінде жарақат алған сержант Ахметовтың қайсарлығының арқасында тоғыз әскери қызметкер шұғыл медициналық көмекті уақында ала алды. Ол жарақат алғанына қарамастан КамАЗ-ды өзі басқара отырып, лагерьдегі командастарының жағдайлары туралы уақтылы хабар берді»,- делінген хабарламада.

Белгісіз объекті осы жылдың 14 тамызында «Қазақстан» оқу полигонында нысаналы алаңды дайындау кезінде жарылды. Қазіргі уақытта әскери қызметшілердің денсаулығы тұрақты, оларға қосымша білікті мамандар медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Қазір осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау