Жараланған полицей болған жайттан кейін жұмысына оралуға асығып отырғанын айтты (фото)

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 16:34

Бүгін Алматыда жол-патрульдік полициясының қызметшісі Мұрат Балтабек ауруханадан шықты. Күлекбаевтың қарулы шабуылдауы кезінде полиция қызметкерінің иығы жараланған еді.

полиция2

«Науқас біздің ауруханаға түскен кезінде иығы жараланған еді. Оған дереу ота жасалып, жансақтау бөлімінде бірнеше уақыт ем қабылдады. Енді қазіргі денсаулық жағдайы бір қалыпты тұрақты деп айта аламыз. Полиция қызметкері толық жазылып кету үшін үй жағдайында ем қабылдайды, соңына дейін біздің бақылауымызда болады»,-деді дәрігер Алмаз Жувашев.

полиция

Ал жараланған полиция қызметкері өз кезегінде қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

«Біріншіден қзыметін адал атқару барысында жаны пида болған әріптестерімнің туыстары мен бауырларына көңіл айтамын. Қайтыс болған тәртіп сақшыларының туыстарына материалдық қолдау көрсетіп, ауруханадағылардың ертерек жазылып шығуын тілеген халыққа алғысым шексіз. Денсаулығымның жақсаруына қолдарынан келгеннің бәрін жасаған дәрігерлерге рахмет»,-деді полиция қызметкері.

полиция1

Осы жұмысқа тұрғанына әлі бір жыл бола қоймаған Мұрат Балатбек өткен жайттың өзіне қорқыныш емес, қайта жаңа күш бергенін айтады. Алдағы уақытта ертерек сауығып қызметіне оралуға асығып отырғанын айтып қалды.

полиция3

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар