Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жараланған лаңкестердің барлығы ауруханадан түрмеге жіберілді

Жараланған лаңкестердің барлығы екі күн бұрын ауруханадан шығарылып, уақытша тергеу абақтысына жіберілді. Қазір 5 адам ем қабылдап жатыр.

орпимасв

Сурет dw.com

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Облыстық жедел жәрдем ауруханасында 5 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Олардың екеуі әскери қызметкер, біреуі “Жедел күзет” қызметкері және бейбіт тұрғын. Ал облыстық клиникалық ауруханада қару-жарақ дүкенінің сатушысы емделуде. Бәрінің жағдайы жақсы, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ”,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Жергілікті биліктің мәліметінше, осыдан екі күн бұрын антитеррорлық операция кезінде жараланған 4 лаңкес уақытша тергеу изоляторына жіберілген.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде террористерді ату жазасына кесу бастамасы дау тудырып жатыр

Әбенов: “Террористер тізімінен” қайта-қайта қате шығып жатса, өлім жазасын қалай енгіземіз

Ақтөбелік террористер ұялы телефон саудасымен айналысқан

Талқылау