Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапониялық сумо шеберлері қалай өмір сүреді (фото)

Жапонияның Нагоя қаласында сумо шеберлері дайындалатын будда ғибадатханасы бар. Спорттың бұл түрін жапондар 15 ғасырдан серік етіп келеді.

591

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

1437

Спортшылар күніне 8000 калория тамақ тұтынып, оттегі маскасын киіп ұйықтайды. Сосын үнемі белге орайтын таңғышпен жүріп, жаттығу жасайды.

1193

782

Балуандар күн сайын таңертең әдістер жасап, ал сағат 10:30-да жаттығу аяқталған кезде өз жанкүйерлерін қабылдап, олармен суретке түсіп, қолтаңба таратады. Әрі қарай кесте бойынша тамақтануды бастайды.

1728

1634

1533

Спортшылар жарма көже, қуырылған балық, күріштен жасалған тамақтарды жейді.

2108

Қазіргі таңда ғибадатханада 11 адам дайындалып жатыр.

685

Түскі астан кейін олар оттегі маскасын киіп бірнеше сағат ұйықтауы керек. Бұл олардың жеңіл тыныс алуына мүмкіндік береді. Олар әр жаттығу мен жекпе-жек алдында созылмалы дәкені аяқтарына таңып алады.

3103

Сумоның жапондарға ғана тән спор екеніне қарамастан, қазіргі кезде онымен айналысатын шетелдіктер саны артқан. Шетелдіктер арасында моңғол спортшыларының бәсі жоғары.

965

“Тіл – басты проблема. Мені не мақтап жатқанын, не ұрысып жатқанын түсіне алмаймын”, – дейді Кекутенхо деген лақап атпен танымал шыққан тегі моңғолдық балуан әрі бапкер Томозуна Ояката.

874

Шын есімі Нямжавын Цэвэгням деген моңғол азаматы жапонша жақсы сөйлейді және жапон әйеліне үйленіп, осы ел азаматтығын алған.

1059

Оқи отырыңыз:

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Сұлулардың түн ұйқысын ұрлаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы не білеміз?

Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Талқылау