Жапониялық саяхатшыны Шымкенттің адамдары таңқалдырған

Бейсенбі, 23 Маусым , 2016 8:51

Жапониялық Фуми есімді саяхатшы өз сапары барысында Шымкентте 10 күн тұрақтап қалуға мәжбүр болған. Бірақ, бұл жағдай оны қуантпаса еш ренжітпепті.

па

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

28 жастағы Фуми велосипедке мініп әлемді аралауды бір жыл бұрын бастаған. Осы уақыт ішінде ол Австралия, Камбоджа, Индонезия, Сингапур және Алматы, Астана, Тараз қалаларында болған.

“Біздің Андрей Аплекимов есімді досымыз достарымен бірге мотоциклмен Ыстықкөлге қыдырып барған. Ол жақта жапондық саяхатшыны кезіктіріпті. Ол жалғыз өзі тамақтанып отыр екен. Андрей сосын бізбен, яғни Шымкент велоқауымдастығымен хабарласып онымен кездесу жасайық деді. Біз онымен тез арада кездесіп, оны Байжансайға апардық. Ол әлі күнге біздің соншалықты көмек жасағанымызды түсіне алмай жүр. Біз болсақ бұл Қазақстанның қонақжайлылық қасиеті дейміз. Ал шымкенттің қонақ күту дәстүрі ол енді бөлек әңгіме”, – дейді Захар Агафонов.

лорпа

Фумидің жоспары бойынша ол Шымкентте бірер күн аялдап, әрі қарай Өзбекстанға кетпекші болыпты. Алайда ол жақта саммит өтуіне байланысты шекара жабық. Бірақ, Фумиге Шымкентте саяхаттап, керемет жерлерді аралау ұнап қалған сыңайлы. Ал қаладағы веложолдың жоқтығы шетелдікті тіпті де қынжылтпапты.

“Көптеген елдерде, әсіресе, Азияда веложолдар жоқ. Тіпті біздің Токиодан да таппайсыз”, – дейді Фуми.

Фумиге Шымкент Қазақстанның басқа қалаларына қарағанда ерекше ұнапты. Турист қаланы өте әдемі әрі жайлы деп бағалаған. Ал Шымкентте оны ерекше әсерге бөлеген адамдары мен тамағы екен.

“Сіздерде адамдар өте керемет. Олардың неліктен көмектесуге құштар екенін түсіне алмаймын. Мен осында нағыз достарымның пайда болғанына қуаныштымын. Сіздердің асханаларыңызда қатты көңілімнен шықты, әсіресе лағман мен кәуап”, – дейді жапондық жігіт.

ьтим

Фуми Шымкенттен соң Өзбекстанға, сосын Түркіменстанға аттанады. Әрі қарай ол Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Грекия елдерін де басып өтуге ниетті. Ал Жапонияда оны анасы мен қарындасы күтіп отыр. Ол өз еліне шамамен келесі жылы табан тірейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев
  • Анонимно says:

    Шетелдин адамдарына озимиз корсетемиз жаксы жерди,сосын олар келуге тырысады.артына теуип шыгарып салу керек ендигиде айналып отеди!

  • Алтынай Асарбаева says:

    Енді мақтансақ қазақпыз ғой. Қазақтың бәрі мақтағанды жақсы көреді тек Шым қалалықтар ғана емес.

  • Анонимно says:

    harkus kaitta tezrak uine

  • Акбар says:

    Шымкент оте конакжай. Менде шымкентте болганымда ол жердеги адамдардын казаки пейил, жомарт, ак конил екендигин коргенмин. Елимизде осындай халыктын барлыгы куантады. Улкен Рахмет Шымкенттиктер !!!!!!!!

  • Анонимно says:

    Әрине Шымкент ол Шымкент қой.Өзгелерден айырмашылығымызда осында.Жамандағандарды көре алмайтындар білемін.

  • Анонимно says:

    Жыртыл қазақ, жыртыл

  • Анонимно says:

    Басқалар мақтанайын десе тұгі жоққой.

  • Анонимно says:

    Аллага шукир.жасай бер Шымкентим

  • Жұмбақ жан says:

    Туф мактаншактарга жаксы болды Щымнын

    • Анонимно says:

      Сен алдымен Шымкенттик болып ал, сосын катесиз жазуды уйрен Щымнын емес Шымнын и сендеи топастардан сактасын

      • Анонимно says:

        Красавчик жаксы айтын мына наданга немесе шала казакка

  • Багила says:

    Шымкент жарайсың!

    • Анонимно says:

      Əрине Шымқаламыз осындай

      • Гүл says:

        Шымкентте болдық, қонақжай деп айта алмаймын, қонатын жер болмағанда көмектесе де алмаған…

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар