Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапониялық жылдан астам уақыт бойы бір адам көрмесе да YouTube-ке видео жүктей берген (видео)

2014 жылы қазан айыннда токиолық YouTube қолданушысы өзінің итін түсірген бірнеше бейнежазбаны порталға жүктей бастайды. Тіпті кейде бір күннің өзінде бірнешеуін салып тастаған. Роликте түрлі костюмдерді киінген ит, скейтпен камераның алдынан өтеді.

ноно

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Бір жарым жылдан соң жапониялықтың каналына америкалық The Next Web редакторы назар аударады. Оны бейнероликтерді ешкім қарамағанына қарамастан, жапониялықтың неліктен видео салуды тоқтатпағаны таңқалдырады.

“Ешкім қарамайтын роликтерді сала берудің қажеті қанша? Күн сайын итті киіндіріп, жүгіртіп, видео жасап, оны интернетке жүктеу не үшін керек?” – дейді бас редактор.

вмвм

Алайда америкалық басылымның осылайша назар аударуы жағдайды басқа арнаға бұрып өзгерткен. Екі күннің ішінде канал 67 мың көрілім жинап, онда мың жарымнан астам оқырман жазылыпты.

Талқылау