Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапониядағы күшті жер сілкінісінен құрбан болғандар саны артуда

14 сәуір күні кешкілік Жапонияның оңтүстігінде болған жойқын жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 9-ға жетті.

photo_182355

Сурет Reuters

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

6,5 балдық жер сілкінісінен соң Жапония ауруханаларына 761 адам түскен. Табиғат апатынан соң 6 сағаттан кейін құтқарушылар үйінді астынан сегіз айлық баланы алып шыққан.

Жер асты толқындары жиі жүрген эпицентрден 44 мың адам эвакуацияланған. Олар 505 арнайы бекеттерге орналастырылыпты. Сондай-ақ, апаттан соң 14 мың отбасы жарықсыз, 20 мың отбасы сусыз, 6 мың отбасы газсыз қалған.

Талқылау