Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда жоғалып кеткен шимпанзе жұрт арасында дүрбелең туғызды

Жапонияның Сендай қаласындағы зообақтан аталық шимпанзе қашып шығып, көрші ауданға серуен құрып кете барған.

Жапонияда жоғалып кеткен шимпанзе жұрт арасында дүрбелең туғызды

Тордың ішінен маймыл электрсымы арқылы шығып кеткен. Маймылдың жоғалғанын білгеннен кейін әкімшілік дереу зообақты жауып, келушілердің қауіпсіздігі үшін шаралар жасаған.

Зообаққа жақын орналасқан бастауыш мектептің басшылығы да өздерінің оқушысын жағдай саябырсығанша үйлеріне жібермеген.

Екі сағаттан соң бүкіл жұртты әуре-сарсаңға салған жануар тұрғын үйлер ауданынан табылып, қайта зообаққа әкелінген. Әкімшілік аталған жағдайдың орын алуына байланысты түсініктеме бермек.


Тағы оқыңыз: Сүтқоректілер туралы қызықты 10 мәлімет

Талқылау