Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда жер сілкінісінен кейін сәби таңғажайыптың арқасында тірі қалған

Жапониядағы жер сілкінісінен кейін сәби таңғажайыптың арқасында тірі қалған. Оны полиция қызметкерлері қираған үйлердің астынан алып шықты.

2589

Фото: kp.ua

Құтқарушылар сәбидің даусын естіп, алты сағат бойы оны үйінділер астынан шығармақ болған. Сәбидің денсаулығы дін-аман.

Аталған мемлекеттің оңтүстігінде болған жер сілкінісінің нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 250 адам ауыр жарақат алды. Қызметкерлердің сәбиді құтқарып жатқан сәті түсірілген видеоны Кумамото әкімшілік орталығының полицейі берген.

Естеріңізге сала кетсек, Жапониядағы күшті жер сілкінісінен құрбан болғандар саны артып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау