Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда тұзды алмастыратын электр шанышқысын жасап шығарды

Токия университетінің өнертапқышы Хироми Накамура тұз дәмін беретін шанышқы ойлап тапты. Бұл тұзсыз диетаға отыруға мәжбүр жандарға арналады. Тұздан бас тарту қажеттілігі туындаған кезде көп адамдар ұзақ уақытқа дейін тағамның дәмін сезе алмайды.

вилка

Бұл шанышқы электрлік микроимпульс арқылы тұзды дәм береді, ас арқылы шанышқыдан дәмдік рецепторға беріледі. Өздері қолданып көрген еріктілердің айтуынша, тағам тұзды болып сезілгенімен қоса, дәмдеуіштер мен тұздар қосылған шарапқа ұқсайды.

Ғалымдар электр неге тұзды дәмге жауап беретін рецептормен қабылданатынын әзірге түсіндіре алмайды. Алайда жаңа технологияның қауіпсіз екеніне сенімді. Хироми Накамура шанышқыны өзі үш жыл бойы пайдаланып келген. Сосын еріктілерді тәжірибеге тартқан, деп хабарлады Росбалт.

Талқылау