Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?

Жапониядағы бала тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар. Назарларыңызға бала тәрбиесіне қатысты құнды қағидаларды ұсынамыз.

Children sit inside a classroom on their first day of school at Shimizu elementary school in Fukushima, northern Japan April 6, 2011. Over 70 schools began their regular classes on Wednesday in the city of Fukushima, after the earthquake and tsunami that hit the country on March 11. REUTERS/Carlos Barria (JAPAN - Tags: DISASTER EDUCATION SOCIETY)

Алдымен – қоғам мүддесі, содан кейін ғана – өзіндік мүдде.

Жапониялық балалардың ортақ туған күні бар. Оны бүкіл мемлекет болып атап өту дәстүрге айналған. Қарашаның 15 жұлдызында ағымдағы жылы 3, 5 немесе 7 жасқа толған балалар үшін Сити-го-сан мерекесі атап өтіледі. Оның аудармасы «жеті-бес-үш» мағынасына саяды. Жапонияда тақ сандар тылысм болып саналады. Ал оларға сәйкес жас есеюдің маңызды, өзгерісті кезеңдерін білдіреді.

Заманауи жапон мәдениетіндегі балалардың ұлттық мейрамдарының түп бастауы жеке тұлға мүддесі ескерілмейтін дәстүрлі ауыл қауымында жатыр.  Бүгінде үлкен қалаларда өмір сүріп жатса да, балаларын дәстүрлі әдіс бойынша тәрбиелеуді құп көреді. Бұл дәстүр бойынша олар өзгелермен бірге өмір сүруге, өз мүддесінен қоғам мүдессін жоғары қоюға дағдылануы тиіс. Жапония халқы мұндай әдісті қоғам мен мемлекеттің біртұтастығы, үйлесімділігі үшін аса маңызды деп біледі. Яғни жапондар өз балаларын қоғамның бір бөлігі болуға үйретеді.

Балалар ата-анасының мінез-құлқын қайталайды

Жапонилық икудзи тәрбие жүйесі тұтастай осы пікірге құрылған. Бұл ретте ата-аналардың баласымен жылы, еркелетіп сөйлеуі, айқайлап ұрыспауы маңызды. Осылайша олар баласын өзгелерді сыйлап, көңіл-күйін қадағалай білуге үйретеді.

Жапонияда бала күтушісі, ата-әже көмегіне жүгінбейді

Жапония қоғамының түсінігі бойынша, егер жанұяда нәресте дүниеге келсе, оған уақытының 100%-ын бөліп, бала күтушісі, ата-әже көмегіне жүгінбеуі керек.

Бала 2 жасынан бастап бірнеше білім үйірмесіне қатысады

Егер баланың әр күнінің әрбір минуты алдын-ала жоспарланып қойса, ол –қалыпты жағдай есебінде. Кішкентай балалар бір күн ішінде ағылшын тілі, есеп, би, сурет және ән сабақтарына үлгере алады. Осындай жүйенің арқасында 4 жасар балалардың барлығы ең болмаса бір музыкалық аспапта ойнай алады, грамматика мен математика негіздерін біледі.

Ал 5 жасқа толғанда қамсыз балалықпен қоштасады. Балабақшадағы тәрбиешілер барлық ережелерге бағынуын талап етіп, мектепке дайындайды. Бұл жерде еш аяушылық танытпайды. Олар әр балаға арнап жеке дәптер бастап, сабаққа келгенін, атқарған кезекшілігі мен тазалық жұмыстарын белгілеп отырады.

Төменгі сынып оқушыларын мектеп шығарып салуға болмайды

Бала 6 жасқа толғанда сабақ өтетін жерге өзі баруы тиіс. Анасы тек есік сыртына дейін ғана шығарып сала алады. Мұнан әрі баруға болмайды. Оны көршілері мен сыныптастары түсінбейді. Әдетте, балалар мектепке ауызша санау мен жапониялық буын әліппесін біліп барады. Жоғары технологиялар мемлекетінде балалар ерте жасынан бастап ойша жылдам есептеуге жаттығады.

Жапондар есеп негіздерін ерте бастан үйрету мидың маңдай бөлігі мен шығармашылығын дамытады. Ал өз бетімен өмір сүруге ұмтылыс тәртіпке үйретеді.

Жапониялық ата-аналар жұрт көзінше балаларын мақтамайды

Таныстарымен сөйлесу барысында кез-келген жапониялық ана баласы жөнінде «менің ақымақ балам» дейді. Бұл эпитеттің астарында ата-ананың барлық баланы бірдей ақылды, дарынды деп санауы жатыр. Алайда, мұның барлығына қарамастан, отбасыда баланың жетістігіне айрықша назар аударылады.


Эпитет деген не?

Талқылау