Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда робот телефон жасалды (видео)

Жапонияның Sharp компаниясы өткен күзде RoboHon атты шағын робот пен смартфонның гибридін жасайтынын мәлімдеген. Робот жүре алады, билейді, телефон иесімен әңгіме құра алады, пошта қабылдап, жоспарланған шаруаны еске салып тұрады.

робот

Әрі осымен бірге ол арқылы қоңырау шалуға болады, деп жазады The Verge. RoboHon-ның бойы 19,5 см салмағы 390 грамм. Оның 8-мегапиксельді камерасы, проекторы және арқасында диагоналі 2 дюйм дисплейі бар. Ол 4-ядролық Snapdragon 400 процессорымен жабдықталған.
Робот Android 5.0 операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Ол Жапония нарығына 26 мамырда шығады деп күтілуде.

Талқылау