Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияда халықты кемсітіп сөйлеген министр қызметінен кетті

Жапонияда апаттан кейін қалпына келтіру істері министрі Масахиро Имамура кемсітіп пікір білдіргеннен кейін отставкаға кетті.

32f46b9e-ccc9-11e6-96db-a1eec4097f76_660x385

Сейсенбі күні банкетке қатысқан министр 2011 жылы цунамиден зардап шеккендерге бағыттап біртүрлі пікір білдірген. Ол 2011 жылғы апаттан келген шығын 25 триллион иен (227 миллиард доллар шамасында) деп: “Мұның Тохокуда болғаны қандай жақсы болған, егер астанаға жақын маңда болса шығын мүлде көп болар еді” дейді ол.

Министрдің бұл сөзі қоғамды кемсітушілік деп бағаланып, қызу талқыға түсті. 2011 жылғы табиғат апатынан 20 мыңнан астам адам өлген болатын. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Имамураның сөзі үшін тұрғындардан кешірім сұрады.

Сондай-ақ ол үш апта бұрын “Фукусима-1” АЭС-індегі жарылыстан кейін Фукусима префектурасындағы тұрғындардың өз үйлеріне қайтып оралуына қатысты “бұл олардың өз шаруасы” деп пікір білдіріп, басы тағы да дауға қалды.

Оқи отырыңыз:

Тележүргізуші тікелей эфир барысында күйеуінің көз жұмғанын хабарлаған

Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)

Қырғыздар киіз үй тігуден рекорд орнатты (видео)

Анасы 4 айлық баласын тыныштандыру үшін арақ беріп, өлтіріп қойды

Талқылау