Жапонияда фанат өзінің сыйлығын алмаған шоу-бизнес жұлдызын 20 жерден пышақтады

Дүйсенбі, 23 Мамыр , 2016 12:44

Жапония шоу-бизнесінің жұлдызы Майю Томита өзінің тыңдарманының шабуылына ұшырады. Ол сахнаға шыққалы тұрған кезде жас жігіт келіп оған сыйлық ұсынады. Алайда әнші оны алудан бас тартқан кезде, жігіт пышақпен оған шабуыл жасаған.

99_main

Сурет әлеуметтік желі

Бұл туралы russian.rt.com хабарлайды.

Жарақаттың көбісі оның мойыны мен кеудесіне түсіпті. Полиция 27 жастағы Томихиро Ивадзакиді ұстады. Ол оқиға орынынан қашып кетпей, құқық қорғаушыларға өз-өзін тұтқындауды ұсынып, бірден берілген. Өз кінәсін де мойындаған.

Кейін белгілі болғандай, зардап шеккен қыз бұрын да полицияға өзін әлеуметтік желі арқылы әлдекімнің аңдып жүргенін айтқан екен. Майю Томита бұған дейін AKB-48 деп аталатын танымал топ қатарында өнер көрсеткен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар