Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең ежелгі қонақ үй Жапониядан табылды

Әлемдегі ең көне қонақ үй Жапонияда орналасқан. Nishiyama Onsen Keiunkan қонақүйін 705 жылы Фудживара Махито салған. Сол уақыттан бері аталмыш қонақүйді тек соның ғана ұрпақтары басқарып келе жатыр. Қазіргі иесі Фудживараның 52-ші ұрпағы екен.

1064328_15090812560035742627

Сурет agoda.com

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Алғашқы кезде бұл қонақүйге тек самурайлар ғана тоқтайтын болған. Танымал қонақтардың ішінде – белглі жапон сегуны Токугава Иэясу мен 46-шы император Коукен де бар. Ондағы нөмірлер дәстүрлі жапон стилінде жасалған. Кейбіреулерінде шағын бассейн де бар. Қонақүйде бір түн түнеп шығу құны – 460 доллар.

Ең көне қонақүйлер тізіміндегі екінші орын да жапониялық қонақүйге бұйырды. Hōshi Ryokan отелі 718 жылы Хонсю аралындағы Комацу қаласында тұрғызылған. Оны да тек ғана Хошилер әулеті басқарып келеді. Әр бөлмесінде шәй ішуге арналған үстел мен желдеткіш бар. Бір тәуліктік қонып шығу құны – 86 доллар.

Үшінші орында Австриядағы Steffner-Wallner. Ол 1027 жылы Маутерндорф қаласында салынған. Шағын отбасылық қонақүйді Ганс және Герми Штеффнер-Валлнер басқарып келеді. Отельде бар болғаны 19 бөлме ғана бар. Бұл жерде жөндеу жұмыстары соңғы рет 2015 жылы жүргізілді. Әр нөмірде жуыну бөлмесі, теледидар және тегін Wi-Fi бар. Қонақүйдің тәуліктік бағасы – 88 доллар.

Тізімге италиялық Belmond Hotel Caruso (1050 жылы), британиялық Otterburn Castle Country House (1086 жылы), австриялық Doktorschlössl (1116 жылы), германиялық Zum roten Bären (1120 жылы) қонақүйлері кірген.

Талқылау